Әлемнің жас пианистері Астанада бас қосады

Әлемнің жас пианистері Астанада бас қосады

Қазақстанның Астана қаласында 10-16 мамыр аралығында өтетін "Astana Piano Passion" І Халықаралық классикалық музыка фестивалі аясында "Astana Piano Passion" Халықаралық жас пианистер байқауы өтеді. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі шара ұйымдастырушылары Астана қаласының әкімдігі және «Accordi di Astana» қоғамдық қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Жобаның көркемдік жетекшісі және қазылар алқасының төрағасы – Ресейдің халық артісі Денис Мацуев.

Байқаудың мақсаты: өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесінің маңызды бөлігі ретінде, классикалық фортепиано музыкасын насихаттау, жас музыканттарға шығармашылық жолды бағындыруда алғашқы баспалдақтан бастап қолдау көрсету.

Байқаудың міндеттері:

- фортепиано өнері саласында жаңа дарын иелерін анықтау

- Қазақстанның ұлттық фортепиано мектебі дәстүрлерін нығайту

- халықаралық музыканы орындау өнері әдістемесімен алмасу

- ұлттық мектептердің шығармашылық байланыстары мен дәстүрлерін нығайту

- музыкалық білім беретін мекемелердің фортепиано бөлімдерінде кәсіби оқыту деңгейін арттыру

Қатысушылардың өнерлерін беделді халықаралық қазылар алқасы бағалайды, олардың құрамында Қазақстан Республикасының, ҚХР, Оңтүстік Кореяның, АҚШ, Еуропаның және Ресейдің өкілдері бар.

Жалпы жүлде қоры – 5000 АҚШ доллары.

Байқаудың арнайы жүлделері:

- Астана қаласының әкімінен

- байқаудың көркемдік жетекшісінен

- Қазақ композиторының шығармасын үздік орындаушыға

- оқу гранттары

Сондай-ақ байқаудың І сыйлығының лауреаты атанған байқауға қатысушы педагогтарға сыйлықтар тағайындалған.

Байқауға қатысуға бастауыш, орта және жоғары музыкалық білім беретін мекемелердің оқушылары – байқау басталар күні 18 жасқа толмаған, бекітілген үлгіде өтініш берген жас пианистер.

Байқауға қатысуға өтініштер 2013 жылдың 10 қаңтарынан бастап 2013 жылдың 10 наурызына дейін қабылданады.

Байқау үш кезеңнен тұрады:

- іріктеу кезеңі (бейнежазба бойынша)

- бірінші кезең (жеке бағдарлама)

- екінші кезең (оркестрлі концерт)

Іріктеу кезеңі Астана қаласында 2013 жылдың 10-нан бастап 30 наурызына дейін өткізіледі. Байқау қатысушылары іріктеу турының қорытындылары бойынша анықталады. Бірінші турға 30 жас музыкант өткізіледі.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: www.diapazon.kz

Massaget