PSY-дің Астанадағы концерті кейінге қалдырылды

PSY-дің Астанадағы концерті кейінге қалдырылды

KZ MUSIC AWARDS-2013 қазақстандық эстрада жұлдыздарын марапаттау шарасына келеді деп күтілген PSY өз концертін кейінге қалдырды.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, бір жыл болмай аса танымалдылыққа ие болған әнші PSY өзінің әлемдік сапарлары кестесінің Қазақстандағы концертпен сай келмеуіне байланысты оны кейінге қалдыруға тура келді. Музыкалық премияның өкілдері концерттің сәуір айына жоспарланып отырғандығын айтады. Бірақ дәл уақыты белгісіз. 

Осыған дейін концерттің 8 наурызда "Астана-Арена" стадионында болатындығы хабарланған еді. Естеріңізге сала кетсек, жеңімпаздарды қазақтың примадоннасы Роза Рымбаева марапаттайтын болады. 

Айта кетелік, PSY әлем халқына Youtube сайтына Gangnam Style әніне түсірілген клипін салғаннан кейін танылған еді. 2012 жылдың желтоқсанында клипті миллиардқа жуық адам тамашалап, сайт тарихындағы рекорд орнатылды. Ал бұған дейін қыркүйек айында бейнебаян YouTube тарыихындағы ең көп лайк жинаған клип ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген болатын.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: k1.kz

А. Әбілхан