Қазақстандық өнерпаздар Астанада сайысады

Қазақстандық өнерпаздар Астанада сайысады

Елордада 29 наурыздан 1 сәуірге дейін Нұрғиса Тілендиев атындағы  "Өз елім" ІІІ музыкалық фестиваль-байқауы өтеді. Байқауға 16-дан 35 жасқа дейінгі жас музыканттар қатысады. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Қазақстанның әр облысы байқаудың әр номинациясына 2 қатысушы жібереді. Өнерпаздар келесі номинациялар бойынша сай бақ сынасады.

1. Классикалық  вокал (әйелдер мен ерлер);

2. Домбыра;

3. Дирижерлік

Фестивальді ұйымдастырушы Астана қаласының әкімдігі мен қалалық Мәдениет басқармасы.

"Бас жүлде – Астана қаласы әкімінің кубогы мен 1 200 000 теңге ақшалай сыйлық. Сонымен қатар фестивальде мынандай марапаттар мен жүлделер тапсырылады:

- Гран-при – ақшалай сыйлық (800 000 теңге);

- 1-ші сыйлық – 600 000 теңге және «Фестиваль лауреты» атағы мен атаулы медаль;

- 2-ші сыйлық – 300 000 теңге және «Фестиваль лауреты» атағы мен атаулы медаль;

- 3-ші сыйлық – 150 000 теңге  және «Фестиваль лауреты» атағы мен атаулы медаль", - делінген таратылған хабарламада.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: kupi-prodai.kz


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар