Лос-Анджелесте «Грэмми» музыкалық марапаттау салтанаты өтті

Лос-Анджелесте «Грэмми» музыкалық марапаттау салтанаты өтті

Лос-Анджелесте 55-рет америкалық дыбыс жазу академиясының «Грэмми» сыйлығын табыстау салтанаты өтті. Салтанатты кештің жүргізушілері болып кантри-орындаушы Люк Брайан мен Тейлор Свифт тағайындалған.

Жылдың үздік альбомы деген ең беделді марапат британдық Mumford & Sons тобының Babel атты инди-фолк-рок альбомына берілді. Бұл номинацияда Black Keys (El Camino), Fun тобы (Some Nights), Фрэнк Оушен (Channel Orange) және Джек Уайт (Blunderbuss) сайысқа түскен болатын.

Жылдың үздік әні ретінде Fun тобының We Are Young әні таңдалды. Рок стиліндегі үздік ән марапаты Black Keys-тің Lonely Boy әніне берілсе, поп стиліндегі үздік әнді Келли Кларксонның Stronger туындысы жеңіп алды.

Адель «Үздік соло әнші» категориясында үздік болды. Рэп стилінде үздік ән болып Канье Уэст пен Джей Зидің біріге орындаған N----s in Paris әні танылды, ал жылдың үздік продюсері деген атақ The Black Keys тобының вокалисті Дэн Ауэрбахқа бұйырды.

Джастин Тимберлейк ұзақ үзілістен кейін «Грэмми» сахнасында өнер көрсетіп, көрермендермен қайта қауышты. Салтанатты кеште ол Pusher Love Girl әнінің тұсауын кесіп, Джей-Зимен бірігіп, танымал Suit & Tie әнін орындады.

Grammy жеңімпаздарының толық тізімі:

«Жылдың үздік жазбасы» - Somebody That I Used to Know - Gotye мен Kimbra

«Жылдың үздік альбомы» - Babel - Mumford & Sons

«Жылдың үздік әні» - We Are Young - Fun. және Janelle Monáe

«Жыл жаңалығы» - Fun

POP Жанры

«Үздік орындау» - Set Fire To The Rain - Adele

«Үздік дуэт » - Somebody That I Used To Know - Gotye мен Kimbra

«Үздік аспаптық альбом» - Impressions - Chris Botti

«Вокалдық үздік альбом» - Stronger - Kelly Clarkson

DANCE/ELECTRONICA Жанры

«Үздік жазба» - Bangarang - Skrillex пен Sirah

«Үздік альбом» - Bangarang - Skrillex

TRADITIONAL POP Жанры

«Вокалдық үздік альбом» - Kisses On The Bottom - Paul Mccartney

ROCK Жанры

«Үздік орындау» - Lonely Boy - The Black Keys

«Hard Rock/Metal жанрындағы үздік орындалған ән» - Love Bites (So Do I) - Halestorm

«Үздік ән» - Lonely Boy - Black Keys

«Үздік альбом» - El Camino - The Black Keys

ALTERNATIVE Жанры

«Үздік альбом» - Making Mirrors - Gotye

R&B Жанры

«Үздік орындау» - Climax - Usher

«Best Traditional R&B стилінде үздік орындау» - Love On Top - Beyonce

«Үздік ән» - Adorn - Miguel Pimentel

«Үздік альбом» - Black Radio - Robert Glasper Experiment

RAP Жанры

«Үздік орындау» - N**** In Paris - Jay-z және Kanye West

«Үздік ән» - N**** In Paris - Jay-Z және Kanye West

«Үздік альбом» - Take Care - Drake

COUNTRY Жанры

«Үздік соло-орындау» - Blown Away - Carrie Underwood

«Дуэтте үздік орындау» - Pontoon - Little Big Town

«Үздік ән» - Blown Away - Josh Kear мен Chris Tompkins

«Үздік альбом» - Uncaged - Zac Brown Band

Суреттер: grammy.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

А. Құлтай