Ақпанда өтетін ең ірі музыкалық шаралар

Ақпанда өтетін ең ірі музыкалық шаралар

1. JANE AIR тобының концерті 

Аты аңызға айналған JANE AIR тобы Алматы мен Қарағанды қалаларында өз концертін өткізбек. «Иллюзия полёта» атты жаңа жинақтың шығуына байланысты ат басын бұрып отырған топ 9 ақпан күні 21:00-де Алматы қаласының «Жесть» клубында өнер көрсетпек. Билет бағасы - 3500 теңге. Билеттер 17 қаңтардан бері «Жесть» клубында және Kraft Print салонында сатылуда.

2.«Love Sensation» музыкалық фестивалі 

Үлкен көлемде өткізілетін «Love Sensation» музыкалық фестиваліне қатысушылар - Serebro, Каста, Brittany Brooks, Dj Prashkevich. Фестиваль 15 ақпан күні 18.00-де Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді. Бағасы - 9000-35000 теңге. Билеттерді Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайынан және Меломан дүкендер желісінен таба аласыздар.

3.Немістің «FOTOS» рок-тобының концерті

«Musik + X» атты музыкалық интерактивті көрменің аясында немістің атақты «FOTOS» рок-тобы Алматыда қонақ болмақ. Концерт 9 ақпан күні 18.30-де Cinema барында өтеді. Кіру тегін.

4.Қазақстанның музыка қайраткерлерінің кеші

Бағдарлама шеңбері бойынша Моцарт, Гуно, Баха, Делиб, Верди, Франк, Джордано, Рахманинов, Шуберт, Доницетти, Обер, Гуно, Россини, Бернстайн, Тілендиевтердің шығармалары орындалады. 

16 ақпан күні, 18.30-да Қазақконцерт залында өтетін Қазақстанның музыка қайраткерлерінің кешінде Жәмила Серкебаева мен Мұрат Шалабаев өнер көрсетеді. Билеттерге мына телефондар арқылы тапсырыс бере аласыздар: +7 705 775 21 19, +7 705 185 05 05

5.Тамара Гвердцителидің концерті

Белгілі әнші Тамара Гвердцители концерті 23 ақпан күні, 20.00-де Республика Сарайында өтеді. Бағасы - 5000-25000 теңге. Билеттерді Республика Сарайының кассасынан және Меломан дүкендер желісінен таба аласыздар.

 Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: oformi.net

А. Әбілхан