Destiny’s Child-тың ән кеші

Destiny’s Child-тың ән кеші

Көптен күткен сәт те орын алды! Бейонсе, Келли Роуленд пен Мишель Уильямс бір сахнаның төрінде бас қосып, көрермен Destiny’s Child-пен қайта қауышты. Super Bowl-де отырғандар отқа оранып, отбасындай қуаныш-күйге бөленді. Үзілісте поп-трио үш композицияны ортада шырқады: "Bootylicious", "Independent Woman" және "Single Ladies". 

Одан кейінгі аралықта поп-жұлдыз Бейонсе өзінің ең басты әрі ең жарқын хит-әндерін шырқауға ерік алды: "Love On Top" және "Crazy In Love".

Керемет кеш естен кетпестей әсер қалдырған... Бейнабаянды тамашалайық!

Ән әлемінде тағы бір жаңалық:

Дайдо өз тыңдармандарын су жаңа әнімен таныстырды. Композиция «Blackbird» деп аталады. Аталған трек алда шығарылмақ «Girl Who Got Away» альбомына енбек.

Соңғы әнін 2008 жылы жарыққа шығарып, алғашқы таралымен-ақ әлемдік көшті бастаған әншінің ендігі еңбегін музыка мамандары асыға күтіп отыр. Тыңдарман жаңа әннің күйтабағымен 4 наурызда қауышпақ.

сурет:ryanseacrest.com; afisha.bigmir.net 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига