Чонгук - әлем чемпионатын ашқан алғашқы кореялық әнші

Чонгук - әлем чемпионатын ашқан алғашқы кореялық әнші
Фото: yesasia.ru

Катарда өтіп жатқан футбол әлем чемпионатының саунтректерінің бірі — «Dreamers» әні. Оны атақты BTS тобының вокалисті Чонгук пен катарлық әнші Фахад Аль-Кубаиси әлем чемпионатының ашылу салтанатында орындады. К-pop айдолдың дауысын тек оның фанаттары ғана емес, сондай-ақ шетелдік көрермендер де жоғары бағалады.

ФИФА бұл әнге түсірілген клипті де ұсынды. Клип ерекше түсірілген. Видеодан BTS вокалисінің жалаулар арасында басқа адамдармен бірге билегенін және киттердің аспанда "ұшып" жүргенін тамашалай аласыз. 

«Dreamers» әні әлем чемпионаты әндерінің арасында жаңа рекорд жасады: ол АҚШ-тағы iTunes Top Songs чартында бірінші орынға шықты. Бұл ән платформада пайда болғаннан кейін 2 сағат 11 минуттан соң чарттың бірінші орнына шықты.

BTS тобы жайлы толығырақ мына материалдан оқи аласыздар.

А. Жапатова