Дэвид Чарлин «Junior Eurovision 2022» байқауында Қазақстанның атынан өнер көрсетеді

Дэвид Чарлин «Junior Eurovision 2022» байқауында Қазақстанның атынан өнер көрсетеді
Фото: dimashnews.com

11 жасар алматылық Дэвид Чарлин «Junior Eurovision 2022» байқауында Қазақстанның атынан өнер көрсетеді. Бұл туралы Ақтөбеде 13 тамызда аяқталған Baqytty Bala 2022 IV балалар вокалдық байқауының қорытындысы шығарылғаннан кейін белгілі болды. Бұл туралы dimashnews.com жазды.

Ақтөбеде «Baqytty Bala-2022» балалар вокал байқауының аяқталуына орай гала-концерт өтті. Қаланың бас сахнасында – «Өнер орталығы» концерт залында фестивальдің қорытындысы жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Baqytty Bala (@baqytty_bala)

Baqytty Bala-2022 дипломанттары:

Асылайым Болатқызы (Қарағанды),
Әмина Жапар (Нұр-Сұлтан),
Ясмин Аюпова (Қостанай облысы),
Камиля Сағымбай (Қаскелең),
Сесил Альпер Сабри (Болгария),
Кристина Мария Пантеа (Румыния),
Дэвид Чарлин (Алматы).


ІІІ орын мен 250 мың теңге жүлдені:

Аяулым Сабыр (Ақтөбе).
Джулия Макс (Алматы),
Хелен Бадалян (Армения),
Ялқы сақ (Түркия).

II орын мен 500 мың теңге жүлдені:

Милана Пак (Өзбекстан),
Мелани Гарсиер (Испания).

І-орын және 700 мың теңге жүлдені:

Жанерке Әбдірахманова (Ақтөбе, Қазақстан),
Ульяна Зарва (Барнаул, Ресей).

Дәстүр бойынша байқауға қатысушылар арнайы сыйлықтарға ие болды:

Көрермендер сыйлығы және 100 мың теңге – Сағын Өмірбайұлы (Шымкент).

Мәдениет қайраткері Қанат Айтбаевтың «Дәстүрге адалдық» арнайы жүлдесі және 200 мың теңге – Шерхан Арыстан (Қаскелең).

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаеваның «Өнер қарлығашы» сыйлығы – Еңлік Байзақ (Шымкент).

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Рухия Байдукеновадан 100 мың теңге арнайы жүлде – Данияр Дүйсенбеков (Өскемен).

«Хабар» агенттігінің музыкалық продюсері Жан Мұқановтың «Артистикалық шеберлік» арнайы жүлдесі және 200 мың теңге – Юлианна Китова (Польша).

Дәстүр бойынша Димаш Құдайберген шығармашылығының жанкүйерлері де өздерінің арнайы жүлдесін дайындады. нұр-сұлтандық Ақжарқын Айдосова Dears-тан 170 мың теңге алды.

Т. Раушанұлы