#1 Тыңдауға тұрарлық жас буын музыканттары

 #1 Тыңдауға тұрарлық жас буын музыканттары
Фото: õzen | redbull.com

Бүгінде әні де, стилі де ерекше әншілер бар. Бірін жұрт білсе, бірін біле бермейді. Massaget.kz сайты тыңдауға тұрарлық жас буын музыканттары тізімінің алғашқы бөлімін ұсынады.

jeltoksan. 

Сахналық есімі jeltoksan. болса, шын есімі — Бексұлтан. Атырау қаласының тумасы. Лақап аты тәуелсіздік алған аймен байланысты болған соң, тәуелсіз музыканың бір өкілі екенін таныту мақсатында алған. Әндерінің сөзін жазады.

ARShAT

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында дүниеге келген. Мамандығы — актер. Әндерінің өзі жазады.  Екі альбомы жарыққа шыққан: "Tunde" және "Qunsaqatym".  

Мирас Жүгінісов  
"Ағайынды Жүгінісовтер" атымен танымал тобының мүшесі болған Мирас бүгінде жеке орындаушы. Оның әр әні хит десек қателеспейміз. Ән сөздерінде мән бар. 

Yenlik
Ағылшын тілінің мұғалімі, ал қазір қазақ хип-хопына өз үлесін қосып жүрген музыканттардың бірі. Алдымен әннің музыкасын жазатын болса, кейін сөзін жаза бастаған. Бүгінде фестивальдер Еңліксіз өтпейді.

АRO
ARO лақап атымен танымал Арман ерекше орындауымен танымал. Оның танымалдылығы “Дүнген қызын” орындаған видеоның таралуымен арта түсті. Музыканты Шиелі ауданынан.

2rar
Тұрар – Қызылорда қаласынан тумасы. Музыкаға дейін кикбоксингпен айналысқан. Әндерінің сөздерін де, музыкасын да өзі жазады. 

Kalifarniya


Фархат Ақтөбе қаласынан. Лақап атының шығуы аты мен тегінің (Калиев) қосындысы әрі Калифорния штатының негізінде құралған. Музыка мектебінде терме бағытында білім алған. 

dudeontheguitar 
Нурбек Елемесов Түркістан қаласында туған. Ол хип-хоп элементтері бар инди жанрында ән айтады. Желігі бүгінгі лақап атымен өзге әншілердің әніне кавер түсіріп жүктеген. Бүгінде сұранысқа ие музыканттардың бірі.

Т. Есқали