KALIFARNIYA-ның алғашқы концерті өтпекші

KALIFARNIYA-ның алғашқы концерті өтпекші

KALIFARNIYA – жастар арасында да, аға буын арасында да танымал әнші. Музыкамен ерте жастан айналысып келеді. Бір айдың ішінде оның репертуарындағы "Qar" композициясы музыкалық чарттардың көшбасшысы атанды.

"Kalifarniya" әуендері өте әдемі, олар 90-шы жылдардағы ырғақтарды қазіргі сәнді трансфермен сезіндіре алады. Романтикалық әндерді орындаудың бұл стилі әлеуметтік желілерде оңай танылып, YouTube трендтеріне кірді. Бір аптаның ішінде "Qar" әні 1 000 000-нан астам қаралым жинады. Қазіргі уақытта ол Скриптонит және "Ирина Кайратовна" сияқты танымал орындаушылармен тең келуде. KALIFARNIYA-ның Qanay, Argonya және Rasul Show сынды қазақстандық әртістермен бірлесіп оырндаған тректері бар. Қазір өнерпаз келесі әндеріне бейнеклиптер түсіруде. KALIFARNIYA тек музыкамен ғана емес, хореографиямен де айналысады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда талантты жас орындаушылар өте көп және KALIFARNIYA – солардың ішіндегі ең жарқын өкілдердің бірі. Әртістің жаңа хиттерін қолдау және шабыттандыру өте маңызды. Сол себепті өнер иесінің үлкен сахнада шығармашылық дамуына қолдау көрсетіп, алғашқы жеке концертін өткізбек.

Концертте әртіс өзінің әйгілі "Роза", "Qar", "Aspan", "Jurip Kelatasyn", "Ритм-такт" және тағы басқа композицияларын орындайды. Сондай-ақ бұл концертте оның достары: Amre, Az, Yenlik, Argonya, Меховая 8/1 өнер көрсетеді.

Өтетін орны: Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Алматы.

Т. Есқали