«Christmas Style» Psy-дің орындауында

«Christmas Style» Psy-дің орындауында

Осы жылдың басты жаңалығына айналған, төрткүл дүниені әнімен дүр сілкінткен, биімен еріксіз таңғалдырған PSY әнші жақында «Gangnam Style» хит-әнінің жаңа жылға арналған нұсқасын орындады.

Вашигтонда өткен жаңа жылдық кеште жаңа мәтіндегі «Christmas Style» әнін орындаған кәріс өнерпазы көпшілікті өз биімен тағы бір қуантты. 

Естеріңізге сала кетсек, бір ғана Gangnam Style әнінің арқасында оңтүстік кореялық әнші жарты жылдың ішінде 8,1 миллион доллар пайда түсірген. Мұның ішінде YouTube интернет арнасында бейнеролигі көрсетілгені үшін 2,4 миллион, ITunes жүйесінен жүктеу және компакт-дискілерін сатудан 4,6 миллион, жарнамалық роликтерде әнді пайдаланушылардан 60 000 доллар көлемінде пайда түсірген.


сурет:rollingstone.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига