«ВИА Гра» кастингінің шарттары жарияланды

«ВИА Гра» кастингінің шарттары жарияланды

«ВИА Гра» тобына кастинг жарияланып, оның қыздарға қоятын талаптары белгілі болды, деп хабарлайды НТК телеарнасы. Қатысушы әр түрлі мәнердегі 5 ән дайындауы қажет: бір баяу айтылатын ән, бір ойнақы, биге келетін ән, бір орыс немесе украин тілінде ән, бір "ВИА Гра" тобының әні, бір ерікті ән.

Кастингке 16 жастан асқан бойжеткендер қатыса алады. Таңдау 2 айналымнан тұрады. Бірінші кезеңде көптеген қыздар арасынан жалпы мінездемесі арқылы таңдалса, екінші таңдауда Константин Меладзе қазылық етуі арқылы топқа қабылдайды. Шартнамада көрсетілгендей, барлық кезең видеоға түсіріліп, фоторепортаж дайындалады екен.

Кастингте қатысушы ешқандай музыкалық сүйемелдеусіз, яғни акапелла айтады. Тек акустикалық гитара ғана қолданылады.

Қатысушы қыз жеке парақшасын толықтай толтырған кезде ғана қатыса алады және жеке куәлігі болуы шарт. Қатысқысы келгендер болса мына жер арқылы толық ақпарат алуға болады.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: zvezdanutye.com

А. Құлтай