"Жаяу салдың жауһарлары" атты дәстүрлі ән кешіне шақырамыз!

"Жаяу салдың жауһарлары" атты дәстүрлі ән кешіне шақырамыз!

Республикалық «Алаш айнасы» газеті мен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің бірлесіп ұйымдастыруымен Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық жастар театрында 26 ақпан күні 18.00-де «Жаяу салдың жауһарлары» атты дәстүрлі ән кеші өтеді. Жобаның мақсаты – ұлттық музыка мен халық композиторларының тағылымды өмірін, қазақтың ұлттық құндылықтарын насихаттау болып табылады.

Кешке Тұрсынғазы Рахимов, Жоламан Құжиманов, Рамазан Стамғазиев, Ерлан Төлеутай, Тілеулес Құрманғали, Еркін Нұрханов, Еркін Шүкіманов, Ерлан Рысқали және тағы басқа ұлттық өнер саңлақтары қатысады. Кешті Жаяу Мұса шығармашылығы мен өмірімен жақсы таныс өнертанушы, дүлдүл әнші Ерлан Төлеутай жүргізеді. Шараның тағы бір ерекшелігі – соңғы кездері мүлде айтылмай, тек архивтерде нотасы шаң басып қалған Жаяу Мұса әндерін жастар талантты әнші Жоламан Құжимановтың үйретуімен орындап шығады. Кеш билеттерін Мүсірепов театры мен «Алаш айнасы» газетінің редакциясынан сатып алуға болады.        

Өтетін жері:

Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Ақпараттық демеушілер:

«Massaget.kz» ойын-сауық порталы, «Алматы» арнасы, «СТВ» арнасы, «Мәдениет» арнасы, «Қазақ радиосы», «Шалқар» ұлттық арнасы

Байланыс: 2714237, 3888067, 87713008471

Форумда талқылау

Сурет adyrna.kz сайтынан алынған