Димаш Құдайберген Billboard чартында топ 20-ға енді

Димаш Құдайберген Billboard чартында топ 20-ға енді

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Billboard Hot Trending songs чартында топ 20-ға енді. Бұл туралы оның әкесі Қанат Айтбаев мәлімдеді.

"Қолдауларыңыз бен ықылас, ниеттеріңіз үшін мың алғыс, құрметті достар!" – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Қазір Димаштың әні рейтингтің 19-шы қатарында. Атақты британдық әнші Adele Easy on me әнімен қазақстандық әншіден небәрі 500 дауыспен озып, біп саты жоғары орналасқан.

Айта кетейік, Сочиде өткен "Жаңа толқын-2021" фестивалінде Димаш Құдайберген Fly away әнін орындаған болатын.

А. Оралқызы