Димаш Құдайберген – Азияның ең сымбатты жігіті

Димаш Құдайберген – Азияның ең сымбатты жігіті
Фото: Instagram

Қазақстандық әнші Димаш Кұдайберген Азиядағы ең сымбатты жігіттер арасында көш бастады.

King Choice сайтында өткен онлайн дауыс беру барысында Димаш Кұдайбеген  9 304 871 дауыс жинап, бірінші орынға жайғасты. Екінші орынды 8 197 925  дауыспен оңтүстік кореялық танымал BTS тобының солисті Ким Сок Джин алды. Үшінші орын оңтүстік кореялық актер әрі әнші Чха Ын Уға (1 918 514 дауыс) тиесілі.

Бұған дейін 2020 жылы әнші Димаш Құдайберген TC Candler 100 Most Beautiful list атты тәуелсіз сыншылар нұсқасы бойынша ең сымбатты жігіттер тізіміне кірген болатын.

Т. Есқали