Танымал әуендер

Танымал әуендер

Халық әуені

ХІХ ғасырда темір жолда, кемелерде және де мақта плантацияларында жұмыс істейтін АҚШ-тың Оңтүстік қара нәсілді тұрғындары жұмыс кезінде немесе жұмыстан кейін ән айтуды дәстүрге айналдырған. Қара нәсілді американдықтар Батыс Африка ырғағы мен әуендерін батыстың аккордтарымен байланыстырып, әуендердің жаңа түрін жасады. Осылай ХХ ғасырда өмір сүрген қалың бұқараның арасында халық әуені танымал болды.

Блюз

Блюз мұңлы көңіл-күйді қарапайым, бірақ нақты формада жеткізеді. Әнші үш өлең жолын 12 музыкалық тактке бөліп айтады. Блюзде арнайы белгіленген формалар бар (аккордтар), осы шеңбер аясында ғана әнші өнерін көрсете алады.

Джаз

Джаз 1900 жылдың басында Жаңа Орлеанда (АҚШ) пайда болған. Құрылымы блюз бен діни әндердің элементтерімен байланыстырылған. Бір жағынан еуропалық әуендердің де қатысы бар. Джаз музыканттарын блюздің сазды әуені мен батысафрикалық батыл ритмдер шабыттандырып отырған. Музыканттар әр әнді айтқан сайын түрліше орындайтын. Бұл музыканттың өзінше ашылып, көңіл-күйін вариация арқылы жеткізуге мүмкіндік берді. 1920 жылдардағы джаз өнерінің атақты музыканттарына америкалық кернейші Луи «Сачмо» Армстронг (1898-1971), Бикс Бейдербеке (1903-1931) және композитор Джордж Гершвинді (1898-1937) жатқызуға болады.

Луи Армстронг


Биг-бэнд және Бибоп

1930 жыл мен 1940 жылдың басында джаздың бір бөлігі - свингті аса ерекше оркестрлер – биг-бэндтер ойнады. Оларды Дюк Эллингтон (1899-1974) сияқты атақты музыканттар басқарды. Кейін орындаушылардың импровизациялық туындыларынан «бибоп» үлгісі пайда болды. Диззи Гиллеспи (1917-1993), Майлз Дэвис (1926-1991) сияқты кернейшілер және Чарли Паркер (1920-1955), Джон Колтрейн (1926-1967) сияқты саксафоншылар оркестрдің құрамында өнер көрсетті.

Кантри-энд-вестерн

Кантри-энд-вестерн стилінде ән айтатын әншілер көбіне Жабайы Батыс ковбойларының костюмдерін киеді, банджо, скрипка немесе гитараның сүйемелдеуімен оңтүстік акцентпен ән айтады. Бұл стильде өнер көрсеткен әншілерге Хэнк Уильямс (1923-1952), Джонни Кэш (1932 ж. туылғ.) және Тэмми Уайнетті (1942 ж.туылғ.) жатқызуға болады.

Джонни Кэш

Жалғасы бар.

Сурет: nndb.com, pbs.org

Форумда талқылау

A. Mustafina