Наурыз айында жарыққа шығатын альбомдар

Наурыз айында жарыққа шығатын альбомдар
Фото: cosmopolitan.com

Альбом шығару – музыканттар үшін ең маңызды жұмыстың бірі. Олардың жаңа ән жинағын асыға күтетін тыңдармандары да жеткілікті. Өйткені альбом әншінің қаншалықты еңбек еткенін және ізденісін айқындай түседі. Оны жаңа қырынан танытады. Бүгін наурыз айында шығатын жаңа альбомдар тізімін ұсынамыз.

A Day To Remember – "You’re Welcome"
5 наурыз

Топтың вокалисі Джереми Маккиннонның айтуынша, ол топқа ғана тән дыбысты заманауи музыка ырғағымен байланыстырған. Альбомды жазу үстінде A Day To Remember тобы инди-рок, электроника, рэп секілді жаңа бағыттарға бет бұрған. 

Kings of Leon – "When You See Yourself"
5 наурыз

2016 жылдан бері бұл топтың альбомы жарыққа шықпаған еді. Бес жылдан кейін ғана қайта оралған топ мүшесі Калеб Фоллоуиллдің айтуынша, әндерді жазу барысында ескі музыкалық аспаптар қолданылған. Тіпті арасында Pink Floyd пен The Beatles топтарына тиесілі музыкалық құрылғылар да бар.

Зара Ларссон – "Poster Girl"
5 наурыз

23 жастағы Зара Ларссон өзінің үшінші ән жинағын жарыққа шығарды. Бұл жолы өз ісіне асқан тиянақтылықпен қараған секілді. Өйткені әр әнін кем дегенде 3 рет қайта жазған. «Poster Girl» – 1980 жылдардың поп музыкасы мен  R&B элементтері бар көңіл көтерерлік ән. 

Селена Гомес – "Revelacion" (EP)
12 наурыз

Селена Гомес өзінің латынамерикалық тегін еске алуды көздесе керек, өйткені осы жолы ән жинағы испан тілінде болады. "De Una Vez" және "Baila Conmigo" әндеріне қарап, Селенаның өзіне тән стильді өзгертпегені, тек оған латынамерикалық атмосфера ғана бергенін көруге болады.

Джастин Бибер – "Justice"
19 наурыз

"Changes" альбомы кеше ғана жарыққа шыққан еді, ал Джастин болса жаңа альбомын әлдеқашан дайындап үлгерді. Әнші бұл жолғы әнжинағы жалғыздық сезімінен арылуға көмектесетін және жайлылық сыйлайтын әндермен толығатынын алдын-ала айтқан еді. "Justice" треклисіне бірнеше ай бұрын жарыққа шыққан "Holy", "Lonely" және "Anyone" әндеріне кіреді.

Лана Дель Рей – "Chemtrails Over The Country Club"
19 наурыз

Лана Дель Рей жаңа альбомы бұған дейінгі "Norman F**king Rockwell" альбомынан өзгеше болатынын айтты. Треклистер тізіміндегі әндер фолк және кантри стилінде болмақ. Дель Рей басынан бастап альбомдарын визуалды сәндейтінімен көзге түскен еді. Бұл жолы да әнші соны қолға алады. 

Evanescence – "The Bitter Truth"
26 наурыз 

2000 жылдары атақты болған Evanescence тобы 2011 жылдан бері альбомы шықпайды. Бірақ Эми Лидің дауысы сол күйі әдемі әрі нәзік күйінде сақталып қалды. Әншінің айтуынша "The Bitter Truth"» – "жабырқаңқы және ауыр", "The Open Door" атты екінші альбомға сәл ұқсайды.

24kGoldn – "El Dorado"
26 наурыз

24kGoldn "Mood" атты әні 2020 жылдың хит әндерінің бірі болды. Ай аяғына таман оның дебюттік альбомы жарыққа шығады. Егер осы уақытқа дейінгі жетістігін сақтап қалса, онда ол биылғы жылдың үздік музыканты атануға мүмкіндігі бар. Әзірге сәттілік әншінің жақтасы,  Spotify сервисінде 100 миллионға жуық адам тыңдап үлгерді.

Т. Есқали