Димаштың жаңа бейнебаяны жарыққа шықты

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарыққа шықты. Жаңа туынды "Golden" композициясына түсірілген. Бұл жайында әншінің өзі Instagram парақшасында хабарлады.  

"DimashAli" шығармашылық орталығы Димаш Құдайбергеннің "Golden" композициясына түсірілген клипті Youtube желісінде жариялады. Режиссері – Олжас Баялбаев, ал оператор – Азамат Дулатов.

Осыған дейін Димаштың жаңа бейнебаяны ерекше форматта болатыны жайлы айтылған еді. Ол ерекшеліктер киберпанк стилі, айрықша эффектілер және сюжеттік желіден айқын байқалады.