«Азат рухтың алдаспандары» атты ән мен күй кеші өтеді

«Азат рухтың алдаспандары» атты ән мен күй кеші өтеді

Желтоқсанның 17-жұлдызында Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі мен «Тіл» орталығы бірлесіп ұйымдастыруымен «Азат рухтың алдаспандары» атты ән мен күй кеші өтеді.

Тәуелсіздіктің 21 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 26 жылдығына орайластырылып отырған концерттің бір ерекшелігі – мұнда азаттық жолында құрбан болған, қудаланған, жер айдалып, атылып, абақтыға жабылған композиторлардың шығармашылығы көрініс табады. Азаттықты аңсаған Махамбет, Иманжүсіп, Жаяу Мұса, Мәди, Қапез, Сары, Құрманғазы, Тәттімбет, Қазанғап, Әбді, Қанапия сияқты саңлақтардың шығармаларымен қатар, Тәуелсіздік тақырыбындағы халық әндері мен күйлері, кейінгі заман композиторының туындылары сахнаға жол тартады.

Кешке Біләл Ысқақов, Жоламан Құжиманов, Сәуле Жанпейісова, Әбіиірбек Тінәлі, Ерлан Төлеутай, Тілеулес Құрманғалиев, Талғат Мұқышев, Саян Ақмолда, Еркін Шүкіманов, Мұрат Әбуғазы, Ерлан Ырысқали, Айгүл Үлкенбаева, Нүркен Әшіров, Саят Нұрғазин және тағы басқа өнерпаздар қатысады.

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы мен Тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен өткізіліп отырған кештің шымылдығы режисер Сағызбай Қарабалиннің сахналауында шағын қойылыммен түріледі.

Концерт 17 желтоқсан күні сағат 14.30-де басталады. Келем деушілерге есік ашық!

Жолдаған: Арман Әубәкір

Сурет: adyrna.kz

А. Құлтай