Psy "Gangnam Style" әнінен қанша пайда тапты?

YouTube-тағы миллиардтан астам қаралым, миллиондаған жанкүйер, көптеген жүктеулер, бірнеше байқаудың жеңісі Psy-ге қанша пайда түсірді?

Бір ғана Gangnam Style әнінің арқасында оңтүстік кореялық әнші Psy жарты жылдың ішінде 8,1 миллион доллар пайда түсірген екен. Мұның ішінде YouTube интернет арнасында бейнеролигі көрсетілгені үшін әнші 2,4 миллион доллар пайда тапса, ITunes жүйесінен жүктеу және компакт-дискілерін сатудан 4,6 миллион, жарнамалық роликтерде әнді пайдаланушылардан 60 000 доллар көлемінде пайда түскен екен.

Дегенмен, 8,1 миллион доллар пайда әншіге ең бай он әншінің қатарына кіруге жетпеген екен. Үздік ондықтың қатарына кіру үшін Psyға бес немесе он есе көп табыс табу керек. Өйткені, 2012 жылғы бай әншілердің оныншы сатысында орналасқан Джастин Бибердің бір жылдық табысы 55 миллон долларға тең келеді. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет:rumenews.com