BTS тобының әні бір күнде 90 миллион қаралым жинады

Оңтүстіккореялық танымал BTS тобының Life Goes On әніне түсірген жаңа бейнебаяны бір күн ішінде 90 миллионнан асық қаралым жинады. Қазір топтың жаңа туындысы YouTube желісінде ең көп көрілуде.

Музыканттар бұл әнді COVID-19 дертінен зардап шеккен жандарға арнаған. Олар композицияны өз елінің тұрғындарына ғана емес, қазір пандемияның қиын кезеңін бастан өткеріп жатқан бүкіл адамзатты қолдау үшін шығарған.

BTS – К-Рор жанрында ән шырқайтын топ. Әншілер Азия елдеріне ғана емес, әлемге танымал. Жақында өткен MTV European Music Awards 2020 сыйлығында олар төрт негізгі номинация бойынша жүлде алып, "Үздік топ" атанған-ды.