Imanbek, Ed Sheeran және Sia: Shazam осыған дейін көп ізделген 100 әнді жариялады

Shazam қосымшасы осыған дейін ең көп ізделген 100 әнді жариялады. Бірінші орында  Tones and I (Тони Уотсон) орындаған Dance Monkey әні тұр. Бұл ән 33 миллион рет ізделген.

Екінші орында Lilly Wood & the Prick тобы мен Робин Шульцтің Prayer in C трегі. Үшінші орында – Passenger орындайтын Let Her Gо әні.

Ал қазақстандық музыкант Imanbek-тің Sain Jhn орындайтын Roses әніне жасаған ремиксі бұл тізімде 18-ші тұр. Бұл трекке 21 миллионнан астам іздеу жасалған.

TOP 20 ©bbc.com

Ең көп ізделген әнді орындайтын Тони Уотсонның айтуынша, мансабының табысты болуында Shazam-ның ролі зор. "Мен Dance Monkey-ді шығарғанда менің жазылушым жоқ еді, бірақ Shazam-ның арқасында қазір фанатым көп", -дейді ол.

Shazam рейтингіндегі әндерді мына жерден тыңдауға болады.