Әлем халықтарының ұлттық музыкасы жиналған сайт

"Around the World in 575 songs" сайтына төрт құрлықтағы 200-ге жуық елдің ұлттық музыкасы жүктелген. Сайттың атында тұрғандай мұнда 575 ән бар. Оларды блогер Ник Уолл өзінің субъектив таңдауына қарай жинаған.

Әндер территориялық принципке сай топтастырылған: Еуропа, Африка, Азия және Океания, Америка. Сайт авторы әлем халықтарының мәдениетіне арналған кітаптар да жазған.

"Ник әлем елдерінің музыкасын жинауға төрт жылдан аса уақыт арнаған. Бұл веб-сайтпен қатар сериялы кітаптардан артистер туралы толығырақ оқып, музыканың мәдениеттегі ролімен таныса аласыздар", - делінген сайттың басты бетінде.

Автор электрон аспаптар мен кейін пайда болған жанрлардағы немесе өңделген әндерді қоспай, барынша көне, халықтың төл аспабында орындалған әндерді қосуға тырысқан.

"Сайттағы әндерді мен өзім таңдадым. Олар әр елдің мәдениетін толық көрсете алмайды және сол елде танымал болмауы мүмкін. Мен әндердің санын азайтып, шектелуге мәжбүр болдым", - дейді Ник Уолл.

Жобада Қазақстан атынан Раушан Оразбаева орындаған "Майда қоңыр" күйі мен Ықылас Өкжай орындаған халық әні "Гүлдариға" жарияланған.