Чилиде Димаштың шығармашылығына арналған радио ашылды

Чилиде Димаштың шығармашылығына арналған радио ашылды
Фото: dimashnews.com

Чилиде "DEARMASH FM" тәулік бойғы интернет-радио жұмыс істей бастады. Радио толқынында аптаның 7 күнінде Димаш Құдайбергеннің әндері шырқалады, - деп хабарлайды dimashnews.com.

Радиостанция Димаштың шығармашылығын насихаттау мақсатында ашылған. Оның өнері, Отаны мен Қазақстанның мәдениетін қамтитын болады. Интернет радионы тек Чили халқы ғана емес барлық Латын Амеркасы тыңдай алады. Радионың негізін қалаушы, әрі директоры – Карлос Пачеко. Жұмысты жолға қойып, жоспарды жүзеге асыруға Мария Инес Санчес пен Вивиана Суньига да үлес қосқан.

Әр жұма, Чилидің жергілікті уақытымен 22.00-де "DEARMASH FM" радиосында Димаш Құдайбергеннің өзі орындаған әндерімен бірге қазақ өнер жұлдызының шығармашылық жолы, ол туралы деректер, туған жеріне қатысты өткен бағдарламалар қайталап беріледі.

1-2 бағдарлама: “The singer”
3 бағдарлама:  "Димаш және Игорь Крутой"
4-5 бағдарлама: "Казақстан" тақырыптарын қамтиды.

Бұл радиобағдарламаларды тұрақты түрде трансляциялауға Димаштың Оңтүстік Америкадағы жанкүйерлері құрған "DQ Alianza Sudamericana Official" тобы қолдау танытып отыр.

"DEARMASH FM" әлеуметтік желілерде:

Сайт: www.zeno.fm/dearmash
IG: dearmashfm
Facebook: RadioDearmashChile
Почта: radiodearmash@gmail.com

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері "Димаш" радиосын ашқан еді.

Н. Үсенова