Джейден Смит жаңа бейнебаянын бөлісті

Джейден Смит жаңа бейнебаянын бөлісті
Фото: vuuzletv.com

Белгілі актер Уилл Смиттің ұлы Джейден Смит әкесінің жолымен келеді. Ол тек актер ретінде өзін сынап қана қоймай, музыкамен де айналысады. 

Кино саласындағы мансабынан бұрын Уилл Смит 80-жылдардың ортасында  DJ Jazzy Jeff - пен бірге сахналарда өнер көрсеткен болатын. Олар сол уақыт ішінде бес әнжинақ шығарып үлгерді.

Бүгін Джейден өзінің Cabin Fever атты әніне түсірілген бейнебаянын жарыққа шығарды. Бейнебаян жазғы атмосфераға толы. Одан бөлек, ол маска, ара-қашықтықты сақтау және "Black Lives Matter" жазбаны да көрсетеді. 

Соңғы альбомын 2019 жылдың шілде айында шығарған болатын. Сонымен қатар Джастин Бибер екеуі әлемдік тур туралы жоспарларымен бөліскен еді. Дегенмен пандемияға байланысты бұның бәрі кейінге шегерілді.

Т. Есқали