Данэлия Төлешова America’s Got Talent байқауында жұртты таңғалдырды

Данэлия Төлешова America’s Got Talent байқауында жұртты таңғалдырды
Фото: inform.kz

Жас әнші Данэлия Төлешова America’s Got Talent байқауында бақ сынап жатыр. Тележоба 2006 жылдың 21 маусымынан бастап өтіп келеді. Жобаның бас жүлдесі 1 миллион доллар.

Данэлия биылғы маусымның 3-эпизодында өнер көрсетті. Әнші канадалық өнерпаз Faouzia-ның "Tears of Gold" атты әнін орындап берді.

Оның өнерінен соң бүкіл зал орнынан тұрып, қол соқты.

"Мен ең танымал жоба – America’s Got Talent байқауында бақ сынап жатырмын. Меніңше, бұл – бар өнерпаздың арманы. Себебі бұл – деңгейі жоғары байқау. Мен барлық сынақта өзімді барынша көрсетуге тырысамын", - деді Данэлия.

NBC арнасында атақты шоудың 15-маусымы басталды. Бұл байқаудың қазылар алқасында America’s Got Talent байқауының негізін қалаушы, продюсер Саймон Коуэлл, талантты актрисалар София Вергара, Хайди Клум, шоумен Хоуи Мэндел бар.

Т. Раушанұлы