Жаңа "ВИА Града" қазақ қызы болуы мүмкін

Жаңа "ВИА Града" қазақ қызы болуы мүмкін

Атақты топтың продюсері Константин Меладзе өз сөзінде «ВИА Гра» тобы құрылып қана қоймай, реалити шоуға да айналатынын айтты.

Жақында ғана аталған топ жойылғанын мәлімдеп, көрерменін дүдәмал күйде қалдырып отырса, бұл жаңалық енді қалай қабылданар екен? Ал топ 2013 жылдың қаңтар айынан бастап тарайтынын жеткізген болатын.

Константин Меладзе:

- 12 жыл бұрын құрылған топтың әншілерін өздеріне ұқсайтындай етіп ауыстырып келдік. Кейінгі кезде ауыстырып, топқа жаңа дем беріп отыратын әдеткі ісіміз нәтижесін бере қоймағандықтан, бәрін де басынан бастағым келді.

 

Продюсер қайталанып келе беретін «дәстүрлі сюжеттен» шаршағанын, ендігі жоспары болашақта сәттілікке апармайтынын айтып, топтың жойылу себебін осы сылтаумен түсіндірген.

Сонымен қатар, Константин Меладзе журналистерге берген жауабында бұл топтың қайта құрылуы үшін үлкен шоу өткізбекші екені жеткізіпті. Шоу Ресей, Қазақстан және Украина елдерінде бір уақытта жүргізілмек. 3 желтоқсаннан бастап интернет-өтінімдер бойынша ару қыздар кастингтен өте алады да екен. Дәл осы ойды орыстың атақты режисері Алан Бадоев ұсынған екен. Бұл сыннан өте алған әнші қызға, Меладзенің айтуы бойынша, өнер әлеміне есік ашық...

Дайындаған: Асыл Нұрмағанбет

Сурет: plitkar.com.ua

А. Құлтай