Коронавирус, кет, кет, кет! Бүгін #КвартирникTengri Insta-Live эфирінде Марат Омаров

Alash Media Group медиахолдингі және Pantograph продюсерлік орталығы #КвартирникTengri онлайн-концерттер сериясын жалғастырады. Бүгін, 5 мамыр, сағат 21:00-де әнші, композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Марат Омаровпен Insta-Live өтеді.

#КвартирникTengri жобасы COVID-19 вирусымен күрес кезінде үйде қалып, қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңызына мән береді. Бұған дейін жоба аясында Urker тобы, Motor-Roller рок-тобының әншісі Ілияс Аутов, әнші Son Pascal, BluesMotel Indie-rock-тобы, Luina, Ayree, Argymak этнорок-тобының фронтмені Ринат Рамазанов, әнші Алиса Вокс және "Конец фильма" тобының әншісі Евгений Феклистов, Меруерт Түсіпбаева, Ұшқын Жамалбек, Мирас Жүгінісов, Қарақат Әбілдина, Салтанат Бақаева және тағы басқа әншілер өнер көрсетті .

Айта кетейік, Марат Омаров 1959 жылы 16 сәуірде Созақ ауданы Шолаққорған ауылында туған. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Шымкент облысы филармониясында "Ауылым - әнім" ансамблінің әншісі болды.

Әл-Фараби атындағы Мәдени-ағарту институтында білім алды. Қазақ телевизиясында музыка редактор болды. 1992 жылы "Наурыз" шығармашылық қорын, ал 1998 жылы "Балаларды дамыту" қорын ашты. 2001 жылы астанадағы Президент оркестрінде және филармонияда қызмет етті.