Алматыда рок-музыканттар марапатталды

Алматыда рок-музыканттар марапатталды

Қазақстанның тарихында бірінші рет өткізіліп отырған Рок марапаттау салтанат рәсімінде отандық ең үздік музыкалық топтар марапатталды.

"Ең үздік аранжирлеуші" номинациясын "Some Toir" тобы жеңіп алса, "Che Francisco" тобы "Поэзия"  номинациясы бойынша оқ бойы дара болып шықты. "Интернет таңдауы" атағына "Flash Set" ұжымы лайықталса, ал ең үздік әйелдер вокалында "Sugarfree Blues" командасы дараланды. Өз кезегінде "Еркектер вокалы" "Angry Ants" командасына бұйырды.

Айтулы номинацияда "Қазақстандағы рок музыканың өркендеуіне үлес қосқаны үшін" "Dos-Mukasan" тобы марапатталды. Сонымен қатар айнымас адалдығы үшін бірнеше рок-н-ролл топтартың аты аталды: "Motor-Roller", "BluesMotel", "Субкультура", "Fridays", "Жантик-Бэнд". 

df

Айта кетсек, кеш барысында Қазақстанның тарихында джаз музыкасына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті өкіл Тахир Ибрагимов еске алынды. Сахнаға мәдениет тұлғасының інісі мен баласы шақырылып, ескерткіш ретінде мүсінше берілді.

Сыйлықтарды тапсыру рәсімінен кейін сахнаға аңызға айналған музыкант Борис Гребенщиков өзінің "Аквариум" атты тобымен шықты. Музыканттар "Архангельск", "Слова Раста", "Борода", "Вавилон", "Земля", "Лошадь" секілді әндер орындады.

df

Еске сала кетсек, рок-музыка саласындағы бірінші ұлттық премияны табыстау салтанатына әділқазылар алқасына Ресейден «СерьГа» тобының көшбасшысы Сергей Галанин, музыкалық продюсер және «Максидром», «Нашествие», «Чартова Дюжина» фестивальдарының ұйымдастырушысы Андрей Матвеев пен «Город 312» тобының вокалисіСветлана Назаренколар шақырылды.

Ал қазақстандық қазылар алқасында ән эксперті Евгений Бычков, меценат әрі продюсер Ерлан Стамбеков, әнші Ирэна Аравина, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры Жәния Әубәкірова, NS радиосының бас директоры Ноэль Шаяхметов, альпинист Мақсұт Жұмаев, «Меломан» компаниясының директоры Вадим Голенко, киносыншы Олег Борецкий, танымал музыкант Фархат Ибрагимов, ән эксперті Нұрберген Махамбетов, "Алаш Медиа Групп" холдингінің президенті Батыр Қазыбаев және Tengri FM радиосының директоры Мадина Уморбековалар бар.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

суреттер: ©Tengrinews.kz

Massaget