The Rolling Stones елес қалалар туралы әнін карантинге дейін жазған

The Rolling Stones елес қалалар туралы әнін карантинге дейін жазған
Фото: vk.com

Аты аңызға айналған The Rolling Stones Living In a Ghost Town аталатын жаңа әнінің бейнебаянын ұсынды.

Бұл бір декадаға жуық уақыт бойы тыңдарманын зарықтырып қойған өнер адамдары үшін айтарлықтай елеулі оқиға болды. Соңғы рет олар 2012 жылы Grrr! күйтабағын шығарған еді. Сол кезде Doom and Gloom және One More Shot аталатын жаңа трэктер ұсынған.

Күні кеше ғана жарық көрген қаңыраған қалалар туралы Living In a Ghost Town туындысы коронавирус пандемиясына дейін жазылған болып шықты. Қазір бар әлемнің карантинде болуы осы әннің бар атмосферасын беріп тұрғандай. Бейнебаянға елеске айналған Лондон, Токио, Осло, Лос-Анджелес сынды мегаполистер көшелеріндегі бейнежазбалар жинақталған.

Т. Раушанұлы