"Дос-Мұқасан" ансамблінің солисі өмірден өтті

"Дос-Мұқасан" ансамблінің солисі өмірден өтті
Фото: Tengrinews

"Дос-Мұқасан" ансамблінің солисі Қамит Санбаев өмірден өтті. Бұл туралы топтың арт-директоры Данияр Құсайынов Tengrinews.kz сайтына хабарлады.

"Ұзақ уақыт аты жаман аурумен күрестен соң жаны жарқын адам, ансамблдің негізін қалаушылардың бірі Қамит Санбаев өмірден өтті. Орны толмас қайғы! Біз Камитті мәңгі есте сақтаймыз және ол үшін дұға етеміз", - деді Данияр Құсайынов.

Елдегі карантинге байланысты жерлеу рәсіміне жақын туысқандар ғана қатысады.

"Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін Досым Сүлеев, Мұрат Құсаинов, Камит Санбаев, Александр Литвинов қалаған. Ал ансамблдің атауы негізін қалаушылардың есімдерінің қысқаруынан құралған: "Дос" - Досым Сүлеев, "Мұ" - Мұрат Құсаино, "Қа" - Қамит Санбаев, "Сан" - Саня (Александр) Литвинов.

 
А. Рысдәулет