#КвартирникTengri. Бүгін Insta-Live эфирінде Мирас Жүгінісов

#КвартирникTengri. Бүгін Insta-Live эфирінде Мирас Жүгінісов
Фото: tengrinews.kz

Alash Media Group медиахолдингі және Pantograph продюсерлік орталығы #КвартирникTengri онлайн-концерттер сериясын жалғастырады. Бүгін, 21 сәуір, сағат 20:00-де әнші Мирас Жүгінісовпен Insta-Live өтеді.

Әншінің айтуынша, карантин кезінде студияны үйге алып келіп, ән жазумен айналысып жүр екен.

"Карантин кезінде өте тамаша. Студияны үйге алып келіп, әндер жазып, бұйырса жаңа бейнебаяндар күтіңіздер. Қазақ тілінде ән дайындап жатырмыз. Жаңа әндермен қуантамыз деген ойдамын", - дейді Мирас.

Видео: Gakku телеарнасы

Жас әнші карантин уақыты туралы ойын бөлісті.

"Баршаңызды сабыр сақтап, үйде отырып, отбасымызбен көңіл көтеріп, әңгімелесуге шақырамын. Ең бастысы - сабыр және сақтық шараларын ұстану", - дейді әнші.

Әншіден #КвартирникTengri сияқты жобалар туралы ойын сұрадық.

"#КвартирникTengri сияқты жобалар туралы ойым өте жақсы. Біз әндерімізді шырқап, көңіл көтереміз. Өте керемет", - дейді жас әнші.

Видео: Gakku телеарнасы

Айта кетейік, #КвартирникTengri жобасы COVID-19 вирусымен күрес кезінде үйде қалып, қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңызына мән береді. Бұған дейін жоба аясында Urker тобы, Motor-Roller рок-тобының әншісі Ілияс Аутов, әнші Son Pascal, BluesMotel Indie-rock-тобы, Luina, Ayree, Argymak этнорок-тобының фронтмені Ринат Рамазанов, әнші Алиса Вокс және "Конец фильма" тобының әншісі Евгений Феклистов, Меруерт Түсіпбаева, Ұшқын Жамалбек өнер көрсетті.

Т. Раушанұлы