#КвартирникTengri эфирінде Нұрәлі Бейсеқожа

Alash Media Group медиахолдингі Pantograph продюсерлік орталығымен бірлесе ұйымдастырған #КвартирникTengri онлайн-концертін жалғастырады. Бүгін, 17 сәуір, сағат 20.00-де Insta-Live арқылы пианист әрі композитор  Нұрәлі Бейсеқожа концерт береді.

Музыкант карантин кезінде үй шаруасыны қолғабыс жасап, ата-анасына көмек қолын созуда. Одан бөлек, жаңа туындылар жазу үстінде. 

"Мен қазір отбасымның жанында үйдемін. Бос уақыттар пианинода ойнап, жаңа туындылар жазамын. Онымен жақын арада сіздермен бөлісемін. Өздеріңізді және жақындарыңды күтіңіздер. Қолдарыңызды жиі жуып, тысқа шыққан кезде маска таққандарыңыз жөн", - дейді Нұрәлі Бейсеқожа.

14 жасар алматылық — 100-ден астам классикалық туындының авторы. Өткен жылы Central Asia's Got Talent сахнасында Денис Тенге арналған композицияны орындап, "Алтын түйме" иегері атанды.