#КвартирникTengri. Luina-дан ән-шашу

Alash Media Group медиахолдингі Pantograph продюсерлік орталығымен біріге отырып, #КвартирникTengri онлайн-концертін жалғастырады. Бүгін, яғни 3 сәуір, сағат 20.00-де қазақстандық әнші Luina Insta-Live-та жанды дауыста ән шырқайды.

Әнші авторлық және кавер әндер орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйламақ. Сонымен қатар, Luina барлық азаматқа карантин режимін сақтап, адамдармен қарым-қатынас орнатудан қашуды сұрайды.

"Мен қазір отбасыммен, үй жануарларыммен үйдемін. Карантинде не істеп жатырмыз? Мен барлық үй ханымы секілді тамақ жасаймын, YouTube-тан жаттығулар қарап, денемді шынықтырамын. Шыны керек, өзімді дамытуға уақыт жоқтай көрінеді. Ертеңнен бастап, жиналып қалған кітаптарды оқимын. Ал басқа уақытта ән айтамыз, ойнаймыз, фильмдер көреміз", - дейді Luina.

Әнші болып жатқан оқиғаларға позитив қарайды, бірақ жауапкершілікпен қарауға шақырады.


Луиза Каринбаева (шын есімі) Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Ерте жастан вокалдық қабілетімен көзге түсіп келеді: өзі ән жазып, әртүрлі ән байқауларына қатысқан.

2010 жылы X Factor таланттар конкурсының қазақстандық нұсқасының финалына шыққан бастап, жұлдызы жана бастады. Продюсерлік орталық әншіні серіктес болуға шақырған, нәтижесінде Luina жобасы жүзеге асқан.


2017 жылы әншінің Hey Yo әніне түсірілген бейнебаяны YouTube-та 10 миллионнан астам көрілім жинаған. 2018 жылы осы әні ЕМА Еуразиялық музыкалық премиясында үздік ән аталымына ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, #КвартирникTengri жобасы COVID-19 вирусымен күресте қорғану шарасын сақтауға шақырады. Бұған дейін жобада Urker тобы, Motor-Roller рок-группасының лидері Ильяс Аутов, әнші Son Pascal және BluesMotel тобы өнер көрсетті.

Бүгін кешке 20.00-де Luina Instagram-дағы тікелей эфирде өнер көрсетеді. Қапы қалмаңыз!