#КвартирникTengri. Алғашқы InstaLive-ты 65 мың адам тамашалады

#КвартирникTengri жобасының алғашқы қонағы Motor-Roller рок-тобының мүшесі Ильяс Аутов болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Музыкант Instagram оқырмандарына бір сағат шамасында ән айтып, гитарада ойнады.

«Бәрі жақсы, бірақ аздап уайымдадым», - деді Ильяс Аутов. Мұндай тәжірибені ол бірінші рет жасап көруде, өмірде Motor-Roller лидері Instagram желісін жиі қолданбайды.

Instagram-дағы трансляцияға барлығы 65 мың адам кірді. Online-концерт рок-музыка тыңдармандарына Ильяс Аутовтың әндерін отбасылық атмосферада қайта естуге, ал кең аудиторияға қазақстандық музыканттың шығармашылығымен танысуға мүмкіндік берді.

Online-көрсетілімнің толық жазбасын Tengrinews.kz  сайтының YouTube-каналынан көре аласыздар.

Алғашқы #КвартирникTengri online-концертінің барысында Ильяс Аутов қазақстандықтандарды оптимизмді жоғалтпауға, төтенше жағдайдың барлық ережелері мен шарттарын сақтауға және балаларға көп уақыт бөлуге шақырғанын ескерте кетейік.

Ал #КвартирникTengri-дің бүгінгі қонағы – атақты Urker тобы. Музыканттардың концерті Tengri TV-ның YouTube-каналында өтеді. Online-концерт бүгін, 28 наурызда сағат 18:00-де басталады.

Alash Media Group медиахолдингі Pantograph продюсерлік орталығымен бірлесе #КвартирникTengri online-концерттер сериясын бастаған болатын. Жоба екі жүйе бойынша екі алаңда өтеді, ал оның қонақтары Máńgilik El Daýysy, "На Вершине Тенгри", The Spirit of Tengri жобасына қатысқандар және Жұлдыз FM радиосы жұлдыздары мен тағы өзгелер болады.

#КвартирникTengri COVID-19 жұқпасымен күресуде сақтық шараларын ұстанудың маңыздылығына зейін қояды.