Жан қорғаны – дәрігер

Жан қорғаны – дәрігер
Фото: freepik.com

Әлем бойынша жаңа вирустың жылдам тарап жатқанын білеміз. Мұндай қиын кезде дәрігерлердің мойнына түсетін жауапкершілік ауырлай түседі. Олар ауруды өздеріне жұқтырып алу мүмкіндігін біле тұра, күні-түні демалыссыз жұмыс істеуде. Назарларыңызға Алматы қаласы дәрігерлерінің әнін ұсынғымыз келіп отыр. 

Әнін жазған: Е. Абдыхалықова
Сөзін жазған: Б. Баймаханов

Ақ халат киіп,
Арманды сүйіп,
Адамзатқа араша боп жанымыз күйіп.
Жұртымыз әмән,
Жүрсін деп аман,
Еңбегіміз арналады туған ел, саған!

Қайырмасы:
Адам үшін,
Далам үшін,
Әбігерміз! Әбігерміз біз!
Арлы орманы–
Жан қорғаны
Дәрігерміз! Дәрігерміз! Дәрігерміз біз!

Сеніммен бізге ел,
Жан дауаны іздер,
Ақ періште – қорғанымыз жалын ғасырдың!
Антымыз – біздер!
Салтымыз – біздер!
Шәкіртіміз Гиппократ пен Әбу-Насырдың!
Жұртымыз әмән,
Жүрсін деп аман,
Еңбегіміз арналады туған ел, саған!

Қайырмасы:
Адам үшін,
Далам үшін,
Әбігерміз! Әбігерміз біз!
Арлы орманы–
Жан қорғаны
Дәрігерміз! Дәрігерміз! Дәрігерміз біз!

А. Жапатова