Димаш Құдайберген "Жылдың үздік әншісі" атанды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайда JSTYLE Exquisite Annual Awards 2019 сыйлығын алды. Бұл туралы әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

 
 
 
View this post on Instagram

Received the "Best Male Singer of the Year" award for J style awards. Thank you my dears. Love you.China.Pingyao city.11.01.2020

A post shared by Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash) onJan 11, 2020 at 3:12pm PST

"Мен "Жылдың үздік әншісі" JSTYLE марапатына ие болдым. Рақмет, dears. Мен сіздерді жақсы көремін", – деп жазды әнші.

Димаш Құдайбергенге марапат Шаньси провинциясындағы Пинъяо қаласында табысталды. 

Еске салсақ, 2018 жылдың желтоқсан айында ол Internet Bull Ears Awards 2019 нұсқасы бойынша Қытайда ең танымал шетелдік әртіс атанған. Әншінің алдағы жеке концерті 11 наурызда Киевте және 25 наурызда Прагада өтеді.