Димаш Құдайберген Джеки Чанмен кездесті

Қазақстандық әйгілі әнші Димаш Құдайберген 2019 жылдың желтоқсан айында Қытайда Голливуд жұлдызы, актер Джеки Чанмен кездескен еді. Әнші кездесудің видеосын бүгін өзінің Instagram парақшасында жариялады. Димаш Құдайберген ол кезде қытайлық актердің жаңа үнтаспасының тұсаукесеріне қатысқан еді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)6 Янв 2020 в 7:51 PST

"Джеки Чанның жаңа альбомының тұсау кесерінде қонақтамын. Біздің әр кездесуіміз, сыйлықтар алмасумен аяқталады. Алайда ол кісі мені отбасымның әр мүшесіне арнап үлкен чемодан толы сыйлықтар беріп жіберу арқылы жеңіп кетті. Таңғажайып адам. Ол кісімен сұхбаттасқанда керемет әсер аламын. Ол кісі басқа әртістерден тым бөлек, дара тұлға. Рухани тұрғыда бай адам. Біз бір-бірімізбен қолтаңбалар алмастық", - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында.

Димаш пен Джеки Чан бұрыннан жақсы таныс. Қазақ әншісі Қытайда өткен I am Singer жобасында миллиондаған қауымның жүрегін жаулаған болатын. Сонда әйгілі актермен кездесіп, иығына қазақтың шапанын жауып, қоңыр үнді домбырасын да сыйға тартқан еді.