"Димаш үшін ұшақтан қалдым" - торонтолық Dear

"Димаш үшін ұшақтан қалдым" - торонтолық Dear
Фото: massaget.kz

"Арнау" турымен әлем аралаған Димаш Америка құрлығының таңдайын қақтырды. 60-қа жуық мемлекеттен келген Dears-тар фанзона аймағында тұрып Димашпен қазақша ән шырқады. Керемет шоудың буымен шыққан фанаттардың пікірін білдік.

Нейла

Димаш – тек біздің емес, әлемнің мақтанышы. Маған оның өзі, даусы, мінезі, ата-анасы, отбасы, жалпы оны қоршаған ортаның бәрін жақсы көреміз. Ол әнді өте керемет шырқайды. Әр әні бір-бірімен үндесіп, толықтырып тұрады. Оған тек денсаулық тілеп жүремін. Оның қолынан бәрі келеді, мен сенемін. Себебі ол керемет адам, оның жан дүниесі керемет.

"Кездескенде қандай сыйлық берер едіңіз?" деген сауалға тыңдарман "Жаным мен махаббатымды сыйлар ем" деп ағынан жарылды.

Ванкуверден келген қазақ қызы бұл кештен үлкен әсер алғанын айтты.

Бұл тыңдарман өзгелерден ерекше образымен дараланып тұрды. Бұл концерт Димаштың солтүстік құрлықтағы бастамасы ғана деп білетінін жеткізді. Оның ойынша, Димаштың концертіне келген әр қазақ ұлттық нақыштағы киім киіп не бұйым тағып, халқымыздың әдемі мәдениетін насихаттап жүру керек. 

Taмми

Мен Димаш туралы айтсам, таңға дейін тоқтамай сөйлеп бере аламын. Оны 2017 жылы Қытайдағы байқаудан танып, тыңдай бастадым. Алғаш «S.O.S» әнін тыңдаған ем, содан соң барлық әндерін бір деммен тыңдап шықтым. Нью-Йоркқа еңбек демалысымен келгенмін, осы концерттің болатынын естіп, билетімді ауыстырып қалып қойдым. Димаш – феномен, ол үлкен күш пен энергияға ие. Ол менің көршім секілді, әр әнін естіген сайын оны менің жанымда жүргендей сезінемін. Ол Нью-Йоркқа ұшып келгенде, мен әуежайда күтіп алған жанкүйерлердің қатарында болғанмын. Сол сәтті пайдаланып, оған сыйлығымды да тарту еткенмін. Мен өте қуаныштымын. Интернеттен ол туралы жаңа тың ақпаратты іздеп отырамын. Бір өкініштісі бәрі қазақ не орыс тілінде екен, әсіресе сұқбаттары. Өтінішім бар, сұқбаттарды ағылшын тілінде субтитрмен аудармасын қатар салып отырсаңыздар жақсы болар еді.

Мұндай жанкүйерлер әлемнің 60 елінен жиналды. Танысқандарымызбен пошта, нөмір алмастық. Барлығы Димаш туған елге ыстық сәлем жолдап, алғыстарын білдірді.

Г. Берік