Димаш Құдайберген Ресейдің үздік әншісі атанды

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Ресейде тағы бір сыйлыққа ие болды. Ол “Жыл әні” сыйлығында “Жылдың үздік әншісі” атанды. Бұл туралы әнші өзінің  Instagram әлеуметтік желісінде хабарлады.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Қымбатты достар, сіздер екі күн бұрын Ресейдің ұлттық музыкалық «Виктория» сыйлығында екі номинацияны жеңіп алғанымды білесіздер, мен тағы бір қуанышпен бөліскім келеді, бүгін «Жыл әні» сыйлығында мен Ресейдегі "Жылдың ең үздік әншісі" деген тағы бір марапатқа ие болдым. Бүкіл әлемдегі жанкүйерлерге және Ресей халқына рахмет. Мен сiздердi жақсы көремін. Жеңісімді барша Қазақстандықтардың және барлық #dears тардың құрметіне арнадым. _________________________ Дорогие друзья,все вы знаете о том что 2 дня назад на национальной Российской музыкальной премии «Виктория» я выиграл в двух номинациях.Хочу поделиться с еще одной радостью,сегодня на легендарной премии «Песня года» я получил еще одну награду «Певец года России».Огромное спасибо Россия. Спасибо всем фанатам во всем мире.Люблю вас #dears.

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)7 Дек 2019 в 12:30 PST

Димаш жеңісін барша қазақстандықтар мен тыңдармандарына арнайтынын жеткізді.

“Қымбатты достар, сіздер екі күн бұрын Ресейдің ұлттық музыкалық «Виктория» сыйлығында екі номинацияны жеңіп алғанымды білесіздер, мен тағы бір қуанышпен бөліскім келеді, бүгін “Жыл әні” сыйлығында мен Ресейдегі «Жылдың ең үздік әншісі» деген тағы бір марапатқа ие болдым. Бүкіл әлемдегі жанкүйерлерге және Ресей халқына рахмет. Мен сiздердi жақсы көремін. Жеңісімді барша Қазақстандықтардың және барлық #dears тардың құрметіне арнадым”,- деп жазды Димаш. 

Айта кетейік, Димаш Құдайберген Ресейдің “Виктория” сыйлығында екі номинацияны жеңіп алғанын жазған едік.

Бөлісу: