Димаш Құдайберген "Виктория" сыйлығының екі аталымы бойынша жеңіске жетті

Димаш Құдайберген "Виктория" сыйлығының екі аталымы бойынша жеңіске жетті
Фото: vk.com

Қазақстандық әнші, бірқатар халықаралық сыйлықтардың жеңімпазы Димаш Құдайберген Ресейдегі “Виктория” музыкалық премиясында екі аталым бойынша жеңімпаз атанды. Бұл туралы әнші өзінің instagram парақшасында мәлімдеді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)5 Дек 2019 в 5:19 PST

Әнші жеңісін әлемдегі тыңдармандарына арнағанын жеткізді.

“Құрметті достар, мен аса қуанышпен сіздермен Ресейлік музыкалық "Виктория" премиясында екі аталымда жеңіске жеткенімді жеткізгім келеді. "Классикалық музыка бойынша жыл әншісі" және "Жыл жаңалығы". Менің барша әлемдегі тыңдармандарыма қолдау көрсеткендері үшін үлкен рақмет айтамын! Бұл жеңісімді әлемдегі барша тыңдармандарым #dears-қа арнадым”, - деді Димаш Құдайберген.

Сондай-ақ, ол композитор Игорь Крутой мен Ресейлік командасына да алғысы зор екенін айтты.

“Менің Ресейдегі командама және композитор Игорь Крутойға @igorkrutoy65 махаббаттарыңыз бен достықтарыңыз үшін көп рақмет!!!!”, - деп жазған әнші instagram әлеуметтік желісінде.

Т. Раушанұлы