Димаш Құдайберген Токиода ABU TV Song фестивалінде өнер көрсетті

Димаш Құдайберген Токиода ABU TV Song фестивалінде өнер көрсетті
Фото: ps-resource.ru

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Токиода өткен ABU Song Festival 2019 фестивалінің арнайы шақырылған қонағы ретінде өнер көрсетті, - деп хабарлайды "Хабар 24". 

Бұл - Димаштың Күншығыс елінде алғаш рет өнер көрсетуі.

Телефестиваль бәсекелестік, жарыс алаңы емес. Бұл - Азия-Тынық мұхиты аумағына кіретін мемлекеттердің ең үздік әртістерін көрсететін жер. Айтулы ән додасына Корея, Жапония, Индонезия, Австралия, Түркия сынды мемлекеттердің де өнерпаздары қатысты.

 
А. Рысдәулет