9 жыл ішінде ең көп көрілім жинаған бейнебаяндар

9 жыл ішінде ең көп көрілім жинаған бейнебаяндар

BuzzFeed порталы 2010 жылдан бергі аралықта интернетте ең көп көрілім жинаған бейнебаяндардың рейтингін жариялады. Сондай-ақ әр жылдарда үздік болған бейнебаяндарды да тізіп шықты.

Рейтинг түзгенде көрілім саны мен айрықша артықшылықтарына мән берген. Сарапшылар 2010 жылдан бергі аралықты "бейнебаяндардың ұлы онжылдығы" деп атап отыр.

Ең көп көрілім жинаған, ең танымал видеоклип көшін Luis Fonsi – "Despacito" ft. Daddy Yankee бастаған. Интернетте 6,5 миллиард көрілім жинаған. Олай болса, әр жылдардың үздігіне жеке-жеке тоқтала кетсек.

2010 жылы Adele-нің "Rolling in the Deep" видеоклипіне тең келері болмаған. Оны 1,6 миллиард интернет қолданушысы қараған. 2011 жылы Gotye – "Somebody That I Used To Know" (feat. Kimbra) видеоклипі 1,2 миллиард көрілім жинап, үздік шыққан.

2012 жылы 404 миллион рет көрілген P!nk – "Try" үздіктер көшін бастады. Араға 1 жыл сала Майли Сайрустың "Wrecking Ball" видеоклипі ең танымал болған. Оны 1 миллиард адам тамашалаған. 2014 жылы ең көп көрілім жинаған клип - Sia – "Chandelier" (2,1 млрд).

2015 жылы бейнебаяндар өте көп шықты. Көрілімі миллиардтан асқандары аз болмады. Дегенмен Джастин Бибердің "Sorry" атты туындысы 3,2 миллиард көріліммен көш басында болды. 2016 жылы Beyonce-нің "Formation" клипі үздік шыққан.

2017 жылы "Despacito"-ны тыңдамаған жандар аз болған секілді. Видеоклип 6,5 миллиард  көрілім жинады. Әзірге бұл ән клипімен таласатын туынды шыға қойған жоқ.

Өткен жылы рэпер Drake-тің "God's Plan" клипі үздік болған. 1 миллиард көрілім жинаған. Ал биыл наурыз айында шыққан Jonas Brothers - "Sucker" видеоклипі көш бастап келеді. 227 миллион көрілім жинап үлгерді.  

Қазақ эстрадасында ең көп қаралым жинаған бейнебаяндардың бірі - "Қайда" әні. 2017 жылы жарыққа шыққан Ерке Есмаханның бұл туындысын бүгінге дейін 101 миллион адам көрген. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Official! Головкин 18 желтоқсанда жекпе-жекке шығады
Official! Головкин 18 желтоқсанда жекпе-жекке шығады
Иманбектің ремиксі "Грэмми" премиясын жеңіп алуы мүмкін
Иманбектің ремиксі "Грэмми" премиясын жеңіп алуы мүмкін
Бүркіттің жасына қарай атаулары
Бүркіттің жасына қарай атаулары
Қытай зонды араға 44 жыл салып Айдан топырақ үлгісін әкеледі
Қытай зонды араға 44 жыл салып Айдан топырақ үлгісін әкеледі
Ең ұзын жасөспірім Гиннестің рекордтар кітабына енді
Ең ұзын жасөспірім Гиннестің рекордтар кітабына енді
"Дарын 2020" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары анықталды
"Дарын 2020" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары анықталды