MTV EMA 2019 жеңімпазпаздары

MTV EMA (Europe Music Awards) – жыл сайын өтетін әлемдік музыкалық жүлде. Алғаш рет 1994 жылы MTV Еуропа телеарнасы ұйымдастырды. Жыл сайын шара еуропаның ірі қалаларында өтеді.  MTV EMA 2019 марапаттау шарасы Испанияның Севилья қаласында өтті. Биылғы  жылдың қорытындысы мынадай: 

Үздік стиль:
Жеңімпаз:
Halsey

Бұл номинация бойынша бақ сынағандар қатарында J Balvin, Lil Nas X, Lizzo, ROSALÍA бар. Өткен жылы бұл жүлде рэп орындаушысы Никки Минажға бұйырған болатын. 

Үздік фанаттар қолдауы:
Жеңімпаз: BTS

Осымен екінші жыл қатарынан бұл жүлдеге ие болған Оңтүстік Кореялық топтың бәсекелестері әлемге танымал орындаушылар Ariana Grande, Billie Eilish, Shawn Mendes, Taylor Swift болды.

Үздік поп орындаушы:
Жеңімпаз:
Halsey

Биыл тынбай еңбек еткен Холзи үшін жыл табысты болды. Өзінің бәсекелестері Ariana Grande, Becky G, Camila Cabello, Jonas Brothers, Shawn Mendes атты әншілерді басып озды.

Үздік хип-хоп орындаушы:
Жеңімпаз:
Nicki Minaj

Осы жылы Никки Минаждың жолы болды. Бақ сынағандар қатарында 21 Savage, Cardi B, J. Cole, Travis Scott болды.

Үздік дуэт:
Жеңімпаз:
ROSALÍA & J Balvin - Con Altura ft. El Guincho

Бақ сынағандар:
BTS & Halsey - Boy With Luv
Lil Nas X ft. Billy Ray Cyrus - Old Town Road (Remix)
Mark Ronson ft. Miley Cyrus - Nothing Breaks Like a Heart
Shawn Mendes & Camila Cabello - Señorita
The Chainsmokers & Bebe Rexha - Call You Mine

Үздік рок орындаушы:
Жеңімпаз:
Green Day

Green Day тобы жеңіске жетеді деп ешкім ойламаса керек. Өйткені, әлеуметтік желілерде Imagine Dragons тобының фанаттары өздерінің қарсылықтарын жеткізуде. Одан бөлек, бақ сынағандар қатарында Liam Gallagher, Panic! At The Disco, The 1975 топтары болды. 

Үздік ән:
Жеңімпаз: Billie Eilish - bad guy

Жасөспірімдер мен ересектердің ыстық ықыласына бөленген Биллидің бұл жеңісі өте әділетті секілді. Ал, оның бәсекелестері да осал болмағаны анық:
Ariana Grande - 7 rings
Lil Nas X - Old Town Road (Remix) ft. Billy Ray Cyrus
Post Malone & Swae Lee - Sunflower
Shawn Mendes & Camila Cabello - Señorita

Үздік орындаушы:
Жеңімпаз: Shawn Mendes

Канадалық әншімен бірге бұл номинацияға іліккендер қатарында Ariana Grande, J Balvin, Miley Cyrus, Taylor Swift кірді.

Үздік электронды музыка
Жеңімпаз:
Martin Garrix

Бақ сынағандар тізімінде Calvin Harris, DJ Snake, Marshmello, The Chainsmokers есімдері болды.

"WORLD STAGE" жобасы аясындағы үздік қойылым
Жеңімпаз:
Muse - Bilbao, Spain 2018

Muse тобының әлемдік тур-концерті жаңа жүлде алып келді. 

Жаңа есім:
Жеңімпаз:
Billie Eilish

Ava Max, Lewis Capaldi, Lil Nas X, Lizzo, Mabel есімді орындаушыларды 17 жастағы Билли артта қалдырды.

Үздік тікелей эфир:
Жеңімпаз:
BTS

Оңтүстік Кореялық топтың бәсекелестері – Ariana Grande, Ed Sheeran, P!NK, Travis Scott. 

Үздік серпіліс:
Жеңімпаз: Ava Max

Бақ сынағандар қатарында Billie Eilish, CNCO, H.E.R., Jade Bird, Juice WRLD, Kiana Ledé, Lauv, Lewis Capaldi, Lizzo, Mabel, ROSALÍA болды. 

Үздік бейнебаян:
Жеңімпаз:
Taylor Swift - ME! ft. Brendon Urie of Panic! At The Disco

Үздік бейнебаян номинациясы бойынша әрдайым жеңіске жететін Тейлор Свифт бұл жолы да өзінің жеңіске лайықты екенін дәлелдеді.