“Текті сөздің төресі – терме” атты қалалық байқау өтеді

“Текті сөздің төресі – терме” атты қалалық байқау өтеді
Фото: tilalemi.kz

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 15-інші қазан күні сағат 14:00-де Абай атындағы Қазақ Ұлттық педогогикалық университетінде “Рухани жаңғыру” бағдарламасы және “Жастар жылы” аясында “Текті сөздің төресі – терме” қалалық байқауы өтетіндігін хабарлаймыз!

Байқаудың мақсаты мен міндеті: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, талантты жастарды жан-жақты қолдау, “жыр-терме” ұлттық жанрын жастардың арасында кеңінен насихаттау, ұлттық жанрды жаңғырту және дамыту, қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнерін дамыту, халық арасында ұлттық мұрамызға және  рухани құндылықтарымызға деген қызығушылықты арттыру.

Байқаудың шарттары: Байқауға қатысушы үміткерлерге келесі тақырыптық бағыттар ұсынылады:
– Жастық, өмір туралы;
– Туған жер, қазақ елі, Отан туралы;
– Ел бірлігі, мәңгілік ел, тіл туралы.

Аталған байқауға белгілі қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қазылық етеді. Байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың терме орындаушылық шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына, киім сәніне баса назар аударылады.

Байқаудың жүлдегерлері мен қатысушылары арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Байқаудың жүлде қоры:

-бас жүлде 200 000 (екі жүз мың) теңге;
-I дәрежелі диплом 150 000 (жүз елу мың) теңге;
-II дәрежелі диплом 100 000 (жүз мың) теңге;
-III дәрежелі диплом 70 000 (жетпіс мың) теңге.
-номинация – 35 000 (отыз бес мың) теңгеден 2 адамға;
-ынталандыру сыйлықтары 30 000 (отыз мың) теңгеден 2 адамға.

Өтетін орны: Абай атындағы ҚазҰПУ-дың №5 оқу ғимаратының АКТ залы
Өтетін уақыты: 2019 жылы 15 қазан күні сағат 14.00

Келем деушілерге есік ашық, Кіру тегін.

Т. Раушанұлы