Димаш жаңа бейнебаян ұсынды

Димаш жаңа бейнебаян ұсынды
Фото: zakon.kz

Қазақстандық танымал әнші, ерекше дарын иесі Димаш Құдайберген тыңдармандарына жаңа клип ұсынды. Ол "Знай" әніне түсірілген. Димаш Құдайберген бұл әнді наурыз айында Кремльде берген жеке концертінде алғаш рет айтқан болатын.

Музыкалық видеоның режиссері – Алан Бадоев. Әнін – Игорь Крутой, сөзін – Михаил Гурциев жазған. Димаш Құдайберген жаңа клипін Исландияда түсіріп жатқанын өзінің инстаграм парақшасында жазған болатын. Сонымен қатар, Димаш желтоқсан айында Нью-Йоркте өзінің жеке концертін беретінін ескертіп кетейік.

А. Жапатова