Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концертіне билет сатылымы басталды

Қазақстандық танымал әнші, ерекше дарын иесі Димаш Құдайберген АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы концерті бойынша билет сатылымы басталды.

- Билет сатылымы ticketmaster сайтында басталды, - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Жалпылама сатылым 13 қыркүйекте таңғы 10:00-де әнші аталған сайтта басталады.

Өнер жұлдызы концерт қайда, қашан өтетіні жайлы нақты ақпаратты instagram парақшасында жариялады. Күні кеше әнші арнайы хабарлама жазып, таңда тамаша жаңалық жариялайтынын айтқан еді. Тыңдармандары мен жанкүйерлері бұл жаңалықты тағатсыздана күткен. Бүгін таңда күттірген жаңалық та жарияланды. Димаш Нью-Йоркте өтетін концертінің жарқағазын әлеуметтік желісіне жүктеді.

Димаштың АҚШ жеріндегі жеке концертін Мәдениет және спорт министрлігі тікелей қолдап, ұйымдастыруда. Осыған дейін отандасымыздың Лондон мен Мәскеу қалаларында да жеке концерттері дүркіреп өткен.

Barclays Center – Нью-Йорктегі Бруклин ауданында орналасқан спорттық арена. Мұнда "Бруклин Нетс" баскетбол клубы мен "Нью-Йорк Айлендерс" хоккей командасы өз алаңындағы ойындарын өткізеді. Қаладағы Madison Square Garden (бұл спорттық кешенде Геннадий Головкин 6 жекпе-жек өткізген) кешеніне басты бәсекелес ареналардың бірі.