#Playlist: Қыркүйек айында қандай әндер тыңдаймыз?

#Playlist: Қыркүйек айында қандай әндер тыңдаймыз?
Фото: Коллаж

Тамыз айында жарыққа шыққан әнжинақтар өздерінің жаңа рекордтарын орнатып жатқанда күздің алғашқы айы қыркүйек те келіп үлгерді. Музыка адамның басты "серігіне" айналды. Осы айда поп-панк пен панк-роктың "аталары" атанған әншілер мен соңғы уақытта жастар арасында сұранысқа ие әншілер өздерінің жаңа жұмыстарымен қуантпақ. 

Iggy Pop – "Free"
6 қыркүйек

Картинки по запросу Iggy Pop

Игги Поптың айтуынша, "Free – мен өз дауысымды қарызға берген әнжинақ". Альбомның жазба жұмысына Лерон Томас, гитарист Сара Липстейт қатысты. Музыканттың сөзіне сенсек, "Free" мұңды әрі жабыраңқы шыққан.

Post Malone – "Hollywood’s Bleeding"
6 қыркүйек

Post Malone әншінің жаңа альбомына хитке айналған "Sunflower" мен "Wow." аталатын әндері кірсе, таспаны жазуға атсалысқандар арасында Halsey, Трэвис Скотт пен Оззи Осборн бар. Оның үстіне Скотт пен Осборн бір әнді бірге орындайды. Post Malone "Hollywood’s Bleeding" ең керемет альбом болады деп сендірсе, музыканттың менеджері Дре Лондон әнжинақты "жалындап тұр" деп мақтады.

Belle & Sebastian – "Days of the Bagnold Summer"
13 қыркүйек

Шотландиялық Belle & Sebastian инди-поп тобы Days of the Bagnold Summer атты фильмге саундтрек жазған болатын. Альбомға жаңа 11 ән және жаңартылған ескі екі композиция кіреді.  

Charli XCX – "Charli"
13 қыркүйек

Картинки по запросу Charli XCX

Charli XCX бес жыл бойы жазылған альбомы арқылы ерекше "әншілердің" басын қосқандай. Әнжинақтан Трой Сиван, Christine and the Queens, Lizzo, Скай Феррейр, HAIM және Томми Кэштің дауысын ести аласыздар.

Sam Fender – "Hypersonic Missiles"
13 қыркүйек

2018 жылы Сэм Фендер BBC рейтингінде болашағы зор әртістердің қатарына кірсе, BRIT Awards жүлдесінде "Сыншылар таңдауы" номинациясын жеңді. Осы жылы Боб Дилан мен Нил Янгтің концертінде өнер көрсетті. Енді өзінің алғашқы дебюттік альбомын жарыққа шығармақшы. 

Liam Gallagher – "Why Me? Why Not."
20 қыркүйек

Картинки по запросу Liam Gallagher

"As You Were" атты альбомымен салыстырғанда, жаңа әнжинақта Лиам Галлахер барлық әнді басқа авторлармен бірлесе жазды. Музыканттың сөзінше, ол өзінің дәрежесін жақсы біледі және оның жұмысы бұрынғыдан әлдеқайда мықты болғанын қалайды.  

Tove Lo – "Sunshine Kitty"
20 қыркүйек

Картинки по запросу Tove Lo

"Habits (Stay High)" хит әнінің орындаушысы, "Love Me Like You Do" әнінің авторларының бірі Тув Лу өзінің төртінші альбомымен қайта оралды. Әнжинақта ырғақты әндермен қатар, акустикалық композициялар да бар.

Noel Gallagher’s High Flying Birds – "This Is The Place"
27 қыркүйек

Картинки по запросу Noel Gallagher

Oasis тобының екінші мүшесі де өзінің жаңа әнін жазған. Ноэл Галлахердің бір жыл ішіндегі екінші мини альбомына үш ән және екі ремикс кірген.  

Kanye West – "Jesus Is King"
27 қыркүйек

Картинки по запросу Kanye West

Бір жыл бұрын Канье Уэст "Yandhi" атты альбомды шығаруға уәде берген, бірақ, кейін оның шығу уақытын өзгерткен еді. Ал "Jesus Is King" аталатын жаңа альбомы туралы ақпарат аз, тек әндер тізімінде "Water" композициясы бар екені ғана белгілі. 

Т. Есқали