Рэпер Lil Nas X жаңа бейнебаянын жарыққа шығарды

Рэпер Lil Nas X жаңа бейнебаянын жарыққа шығарды
Фото: soyuz.ru

Өзінің "Old Town Road" әні арқылы музыка саласында рекорд жаңартып жүрген 20 жастағы Lil Nas X атты әншінің жаңа бейнебаяны жарыққа шықты. Бейнбаян "Panini" атты әнге түсірілген. Клип стилі болашақ туралы "Өткір жүзбен жүгірушілер" (Бегущий по лезвию) фильміне сәйкес келеді.

Бейнебаянға Disney актрисасы Скай Джексон түскен. Түсірілім жұмысымен YouTube-блогері, режиссер әрі музыкант Майк Дива айналысқан.

Бейнабаян әншінің MTV VMA концертіндегі қойылымына қатты ұқсайды. "Panini" әні әншінің дебюттік жинағына кірген. Әнді жазу барысында Nirvana тобының "In Bloom" атты әнінің музыкасын қолданған. Курт Кобейнді екінші автор ретінде көрсеткен рэпер Фрэнсис Бин Кобейнге (Курттың қызы) музыканы қолдануға рұқсат бергені үшін алғысын білдірді.

Аталған ән Billboard Hot 100 рейтингінде 40-орынға жайғасып, Аустралияда алтын мәртебеге ие болды.

Т. Есқали