Димаштың Нью-Йорктегі жеке концерті қашан өтеді?

Димаштың Нью-Йорктегі жеке концерті қашан өтеді?
Фото: ok.ru, barclayscenter.com

Қазақстандық танымал әнші, ерекше дарын иесі Димаш Құдайберген АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында жеке концертін өткізетіні жайлы ақпар осыған дейін шыққан. Өнер жұлдызы концерт қайда, қашан өтетіні жайлы нақты ақпаратты instagram парақшасында жариялады.

Күні кеше әнші арнайы хабарлама жазып, таңда тамаша жаңалық жариялайтынын айтқан еді. Тыңдармандары мен жанкүйерлері бұл жаңалықты тағатсыздана күткен. Бүгін таңда күттірген жаңалық та жарияланды. Димаш Нью-Йоркте өтетін концертінің жарқағазын әлеуметтік желісіне жүктеді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)4 Сен 2019 в 8:36 PDT


- Құрметті тыңдармандарым! 10 желтоқсан күні Нью-Йорктегі Barclays Center стадионында жеке концертім өтетінін зор қуанышпен хабарлаймын. Билеттер сатылымы жайында жақында тағы жазамын, - деп жазды әнші.


Димаштың АҚШ жеріндегі жеке концертін Мәдениет және спорт министрлігі тікелей қолдап, ұйымдастыруда. Осыған дейін отандасымыздың Лондон мен Мәскеу қалаларында да жеке концерттері дүркіреп өткен.

Barclays Center – Нью-Йорктегі Бруклин ауданында орналасқан спорттық арена. Мұнда "Бруклин Нетс" баскетбол клубы мен "Нью-Йорк Айлендерс" хоккей командасы өз алаңындағы ойындарын өткізеді. Қаладағы Madison Square Garden (бұл спорттық кешенде Геннадий Головкин 6 жекпе-жек өткізген) кешеніне басты бәсекелес ареналардың бірі.

Н. Үсенова